№ 8С-13/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

сегізінші шақырылымының

кезекті он үшінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті он үшінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

Баяндамашы: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары О.П.Какорина.

2. 2024 - 2029 жылдарға арналған Ақмола облысы Шортанды ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы.

3. 2024 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

4. Шортанды ауданы әкімдігінің персоналдық құрамын келісу туралы.

5. Шортанды аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қаңтардағы № С-12/4 «Шортанды ауданының бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

6. Шортанды аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 5 қазандағы № С-9/19 «Бюджетке төлемдер мен салықтар, еңбекақы мен жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар бойынша берешекті болдырмау жөнінде дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

7. Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № С-39/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

8. Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 мамырдағы № С-38/6 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

9. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы № С-49/14 «Шортанды ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешімі өзгеріс енгізу туралы.

10. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі № 7С-9/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

11. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 тамыздағы № 7С -27/12 «Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

12. Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы.

13. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 мамырдағы № С-43/4 «Аудандық билер кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

14. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № С-64/4 «Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

15. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 8С-12/3 «Шортанды ауданын басқару сызбасын бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы.

16. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрайымы                                                    Г. Сәдуақасова

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 января 2024