Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-34/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7 324 071,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 087 819,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 10 990,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 17 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5 208 261,7 мың теңге;
2) шығындар – 7 460 196,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – (-2 806,4) мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 77 625 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 80 431,4 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-133 318,6) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 133 318,6 мың теңге.»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 77 625 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер есепке алынсын.»;
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі қарызды өтеуге 80 431,4 мың теңге сомасында есепке алынсын.»;
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар төлеу 75,5 мың теңге сомасында есепке алынсын.»;
7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2023 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 0 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 7 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шортанды аудандық
мәслихатының төрайымы Г. Сәдуақасова
«КЕЛІСІЛДІ»
Шортанды ауданының әкімі
6 желтоқсан 2023 жыл
_____________ С. Шабаров