№ 8С-12/3 шешім (Шортанды ауданын басқару сызбасын бекіту туралы)

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 745 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқаруының базалық құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысына сәйкес, «Шортанды ауданының жергілікті атқарушы органдарының штат санының лимиттері туралы» Шортанды ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № А-5/212 қаулысы мен аудан әкімінің ұсыныстар негізінде, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды ауданын басқару сызбасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С–18/8 «Шортанды ауданын басқару сызбасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрайымы                                                   Г. Сәдуақасова

 

 

 

 

Дата публикации
07 декабря 2023