Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/2 "Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-34/2 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы " шешімі

Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-34/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7 357 558,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 087 819,6 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 10 993 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 17 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 241 745,8 мың теңге;

2) шығындар – 7 493 683,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – (-26 327,8) мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 51 750 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 78 077,8 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-109 797,2) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 109 797,2 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 7, 8 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды аудандық мәслихатының төрайымы
 
 

Г. Сәдуақасова
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 декабря 2023