ҚР Қарулы Күштеріне шақыру бойынша «Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» РММ жұмысы туралы

Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның

ҚАУЛЫСЫ

 

 

2023 жылғы 27 қараша № 13                                                  Шортанды к.

 

 

 

ҚР Қарулы Күштеріне шақыру бойынша

«Шортанды ауданының қорғаныс істері

жөніндегі бөлімі» РММ жұмысы туралы

 

 

Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы А.Н.Темірбаевтың «ҚР Қарулы Күштеріне шақыру бойынша «Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»  РММ жұмысы туралы» ақпаратын тыңдап және талқылап, депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы  ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жергілікті атқарушы органмен бірлесіп әскери міндет негізінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жеке құрамын жасақтауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыратынын атап өтті.

Шортанды ауданы әкімінің 2023 жылғы 16 ақпандағы «2023 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек – желтоқсанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» № А - 1/44 қаулысына сәйкес 2023 жылы 55 әскерге шақырылушы резерві бар кенттер мен ауылдық округтер бөлінісінде азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруға наряд бөлінді.

Әскерге шақыру бөлімшесі 4 бағыт бойынша жұмыс істейді: мерзімді әскери қызметке, ӘТЫ және ӘТМ, келісімшарттық қызметке және АӘД-қа қабылдау бойынша.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру басталды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара әскерлеріне қабылдау өтті. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қабылдау жалғасуда.

Жыл сайын азаматтарды әскери қызметке көктемгі және күзгі шақыруды өткізу үшін Шортанды ауданының әкімдігі қорғаныс істері жөніндегі бөлімді жабдықталған шақыру (жинау) пункттерімен қамтамасыз етеді, дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автокөлікпен, байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз етеді.

Әскери міндетін атқарудан жалтарған әскерге шақырылушыларды іздестіру бойынша шаралар қабылдануда.

Әскерге шақыру жасындағы азаматтар арасында түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

Өскелең жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді. Ауданның 23 жалпы білім беру ұйымдарында 19 әскери-патриоттық клуб және 44 «Jas sarbaz», «Жас ұлан» сыныптары бар және олар өз қызметін жүргізуде.

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін шақыру комиссиялары құрылады және шақыру комиссияларының отырыстарын өткізу кестесі бекітіледі.

Мемлекеттік мекемелердің кадр қызметтері жұмысқа қабылдау кезінде азаматтарды әскери есепке қою жөніндегі заңнаманың сақталуын тексеру бойынша жұмыс жүргізеді.

Сонымен қатар, азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруда шешілмеген мәселелер орын алады.

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастырудағы негізгі проблема жалған мекен-жайларға тіркелу болып табылады.

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ғимараты қан алу үшін зертханалармен жабдықталмаған, әскерге шақырылушыларды тексеру үшін флюро аппаратура орнатылмаған, жылдың суық кезеңіне әскерге шақырушылар үшін үлгілік бақылау-өткізу пункті, жинақтағыш жоқ. Саптық плац жабдықталмаған, трибуна, флагштоктар және басқа да қажетті жабдықтар жоқ.

Аудандық жиын пунктінде әскерге шақырылушылар үшін ыстық тамақ ұйымдастырылмаған.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы А.Н.Темірбаевтың «ҚР Қарулы Күштеріне шақыру бойынша «Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»  РММ жұмысы туралы»  ақпараты назарға алынсын.  

2. Жергілікті атқарушы орган мен «Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» РММ (А.Н. Темірбаев) ұсынылсын:

- ҚР Қарулы Күштеріне шақыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жалғастырсын;

- қолданыстағы аудандық жиналыс пунктінің ғимаратын «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысының талаптарына сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдансын;

- ауданның шақыру пунктінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлу мәселесін қарастырсын;

- әскери міндетін атқарудан жалтарған әскерге шақырылушылардың іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін бөлінетін автомобильдер санын және бөлінетін отын лимитін ұлғайту жөніндегі мәселені зерделесін;

- әскери есепте тұрған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар санының ұлғаюын ескере отырып, Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қызметкерлерінің штат санын ұлғайту мүмкіндігін қарастырсын;

- азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шараларды (оның ішінде медициналық мүлік пен жабдықты, тамақтануды, жанар-жағармай материалдарын, есепке алу қызметкерлерінің жалақысын, шақыру пункттерін материалдық-техникалық жарақтандыруды, СМС құлақтандыруды, байланыс қызметтерін және т.б.) толық қаржыландыруды көздей отырып, жалпыға бірдей әскери міндет шеңберінде бюджеттік өтінімді уақтылы берсін;

- азаматтарды мерзімді қызметке шақыруды қамтамасыз ету үшін әскерге шақыру жасындағы азаматтар арасында түсіндіру және үгіт жұмыстарын күшейтсін;

- кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесіп әскерге жіберуге арналған әскерге шақырылушылар туралы мәліметтерді уақтылы алу үшін мемлекеттік органдармен, ұйымдармен тығыз өзара байланысты жүзеге асырсын.

3. «Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» РММ «Шортанды ауданының полиция бөлімі» ММ Ақмола облысының полиция департаментімен (Е.Қ.Оразбаев) бірлесіп, әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылсын. 

4. «Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» РММ «Шортанды ауданының білім бөлімі» ММ-мен (Ш.Х.Ахметова) бірлесіп ұсынылсын:

- әскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында және әскери қызмет өткеру кезінде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау үшін білім беру ұйымдарының 10 және 11 сыныптарында бастапқы әскери-техникалық даярлықты өткізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жандандырсын;

- жыл сайын «Jas Sarbaz» әскери-патриоттық қозғалысының жобаларын іске асыру бойынша бюджетті бекіте отырып, әскери-патриоттық тәрбие жоспарын бекітсін;

5. «Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» РММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен (К.С.Юрковская) бірлесіп ұсынылсын:

- өскелең ұрпақ пен әскерге шақыру жасындағы адамдар арасында әскери-патриоттық тәрбие бойынша іс-шараларды тұрақты негізде өткізсін;

әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында «Jas Sarbaz» әскери-патриоттық қозғалысының іс-шараларын жариялауды, сондай-ақ әскери-патриоттық сипаттағы имидждік бейнероликтер дайындауды жандандырсын.

6. «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-мен бірлесіп «Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» РММ (Н.М. Шагирова) ұсынылсын:

- әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыруды жақсарту жөнінде шаралар қабылдасын;

- қосымша тексерілуге мұқтаж науқас әскерге шақырылушыларды ерекше бақылауға алсын.

7.  Осы қаулының іске асырылуын бақылау аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.   

 

 

Тұрақты

комиссияның төрайымы                                                           Ғ. Даитова

 

 

 

Дата публикации
30 ноября 2023