ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жергілікті маңызы бар автожолдарды күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы туралы

Бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп,

ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

2023 жылғы 20 қараша № 11                                                               Шортанды к. 

 

 

 

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың

жергілікті маңызы бар автожолдарды

күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі

тапсырмаларын іске асыру барысы туралы

 

 

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы А.А.Керімбаевтың  «ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жергілікті маңызы бар автожолдарды күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы туралы»  ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы  аудан қызметтері тарапынан белгілі жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

Ағымдағы жылы Шортанды ауданының аумағында жалпы ұзындығы 35,17 шм автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланған, оның ішінде 8 шм. аудандық маңызы бар, 27,17 шм көше-жол желісін құрайды.

Жөндеу бойынша іс-шараларды жүргізуге барлығы 1 921 397,93 мың теңге бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджет қаражатынан – 1 324 698,0,0 мың теңге, облыстық бюджет қаражатынан – 466 699,93 мың теңге, аудандық бюджеттен – 130 000,0 мың теңге.

Бөлінген қаражат шеңберінде 18 жобаны іске асыру жоспарланды (оның ішінде 2024 жылға ауысатын 2 жоба). Бүгінгі таңда 14 жоба іске асырылды, 2024 жылға ауысатын 2 жоба іске асырылды. Екі жоба бойынша мердігер ұйымдармен шарттар сот тәртібімен бұзылды.

«Ауыл – ел бесігі» республикалық бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 9,35 км болатын 4 елді мекенде жол төсеміне жөндеу жүргізілді, осы мақсаттарға 412 802,0 мың теңге бөлінді. Жұмыстар аяқталды.

Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың Кешенді жоспары шеңберінде ұзындығы 8 шм жөндеу көзделген, оларға ағымдағы жылы 911 896,0 мың теңге бөлінді.

Облыстық бюджет есебінен Шортанды, Раевка, Дамса елді мекендерінде көше-жол желісіне орташа жөндеу және Пригородное ауылынан Баскөл ауылына дейін грейдердің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық бюджет есебінен Бектау, Новоселовка, Петровка ауылдарындағы кентішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілді. Осылайша, жағдайы жақсы аудандағы жергілікті жолдардың үлесі 80% - ға жетті. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың жағдайы жақсы жергілікті жолдардың үлесіне қол жеткізу туралы тапсырмасы 2025 жылға қарай 95% - ға дейін орындалады.

Бұдан басқа, бүгінгі күні елді мекендер бөлінісінде аудандық жолдардың көше-жол желілерінің жағдайы бойынша түрлі жағдай қалыптасуда.

Жергілікті жол желісі әлдеқайда тозған, ақаулары көп. Мұның көптеген себептері бар. Біріншіден, жергілікті мердігердің кепілдігі ірі республикалық жобалармен салыстырғанда екі есе аз. Екіншіден, ірі республикалық және шағын жергілікті нысандарда мердігерлік ұйымдарды жарақтандыру деңгейі әртүрлі.

Жалпы, мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар шеңберінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көше-жол желісін салу және жөндеу ерекше бақылауда.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы А.А.Керімбаевтың  «ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жергілікті маңызы бар автожолдарды күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы туралы» ақпараты назарға алынсын.  

2. Шортанды ауданының әкімдігіне және Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (Керімбаев А.А.) ұсынылсын:

- орындалған жұмыстардың сапасына ерекше назар аудара отырып, ауданның кентішілік жолдарын күрделі жөндеу бойынша жоспарлы жұмысты жалғастырсын;

- аудандық жол желісінің сапасын жақсартуға және автомобиль жолдарының жол жабынының ұзақ уақытқа сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи технологияларды енгізу бойынша мақсатты жұмыс жүргізсін;

- аудан шекараларындағы жолдардың, көпірлер мен тротуарлардың, оның ішінде ауданның ескі бөлігіндегі (теміржол желісінен тыс) және елді мекендердегі жолдардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізсін;

- автожолдарды күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуді және оларды күтіп ұстауды қоса алғанда, жол желісін пайдалану жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру көлемін жыл сайын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдасын;

- орындалатын жол-құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды күшейтсін;

- мамандандырылған техниканы одан әрі сатып алу арқылы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын күшейтсін.

3. Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (Керімбаев А. А.) ұсынылсын:

1) Шортанды ауданының әкімдігіне және жоғары тұрған облыстық құрылымдарға оларды жоспарлы жөндеуді қамтамасыз ету және күтіп-ұстауды жақсарту, қаржыландыру көздері мен мөлшерін айқындау жөнінде нақты ұсыныстар енгізу мақсатында жалпы маңызы бар автожолдар мен елді мекендер көшелерінің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізсін;

- аудан тұрғындарын мониторинг қорытындылары туралы аудандық «Жаршы», «Вестник» газеттерінде, интернет-ресурстарда, аудан әкімдігінің ресми әлеуметтік беттерінде хабардар етсін;

- кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесіп кентішілік жолдарды кезең-кезеңімен жөндеу, сондай-ақ уақтылы грейдирлеу жүргізсін  немесе оларды себу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін;

- жалпы маңызы бар автомобиль жолдарын және көше-жол желісін жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы уақтылы әзірлеуді қамтамасыз етсін;

- аудан тұрғындарынан ең көп шағым түскен кентішілік жолдарды жөндеуді бақылауға алсын;

- автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөнінде шаралар қабылдасын;

- кентішілік жолдарға күрделі жөндеу жүргізу кезінде адамдардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тротуарлар салу ескерілсін;

- мердігер компаниялардың жоспарланған жобаларды іске асыруы, шарттық міндеттемелерді сапалы орындауы бойынша бақылауды күшейтсін.

4. Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ ағымдағы жобаларды іске асыруға қосымша қаражат бөлу туралы мәселені қарауды, сондай-ақ төртінші деңгейдегі бюджеттерде қысқы кезеңде жолдарды күтіп ұстауға арналған шығыс бөлігін ұлғайтуды көздеуді ұсынсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төраға Е. Н.Шахметов) жүктелсін.  

 

 

Тұрақты комиссияның

төрайымы                                                                           Е. Шахметов

Дата публикации
23 ноября 2023