Шортанды аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезектен тыс оныншы сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс оныншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-34/2 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпараттандырады: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы - Ж.Қ.Мұнтаева.
2. Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы № С-14/4 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
4. Шортанды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі № С-26/10 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы № С-49/14 «Шортанды ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрайымы Г. Сәдуақасова