Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Аудандық мәслихатта А.Доброскоктың төрағалығымен Қоғамдық кеңес отырысы өтті.  Жиынға аудандық мәслихат аппаратының басшысы С.Әкімжанова және мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Шортанды ауданы әкімі аппаратының 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметі туралы есебі» бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету және ақпараттық технологияларды талдау бөлімінің басшысы Б.Әшімова сөз сөйледі. 
Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері сұрақтар қойып, оларға түсініктемелер берілді. Тиісті ұсыныс мемлекеттік органға жіберіледі.

Дата публикации
21 ноября 2023