Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 8С-9/2 "Шортанды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешімі

«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Шортанды аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды аудандық мәслихатының төрайымы
 
Г. Садвокасова

Дата публикации
07 ноября 2023