№ 8С-9/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

сегізінші шақырылымының

кезектен тыс тоғызыншы сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс тоғызыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы.

2. Шортанды аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

3. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-37/5 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

4. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № С-37/3 «Шортанды ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпараттандырады: «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» ММ аппарат басшысы - С.Қ.Әкімжанова

5. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі № 7С-9/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрайымы                                                   Г. Сәдуақасова

Дата публикации
30 октября 2023