Шортанды ауданының барлық меншік нысандарындағы объектілердің жылу беру маусымына дайындық барысы туралы

Бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп,

ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

2023 жылғы 15 қыркүйек № 9                                                  Шортанды к. 

 

 

 

Шортанды ауданының барлық

меншік нысандарындағы объектілердің

жылу беру маусымына дайындық

барысы туралы

 

        

Шортанды ауданы әкімінің орынбасары А.Т.Тасқынбайдың «Шортанды ауданының барлық меншік нысандарындағы объектілердің жылу беру маусымына дайындық барысы туралы» ақпаратын тыңдап, талқылай келе, Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Шортанды ауданы әкімінің орынбасары А.Т.Тасқынбайдың «Шортанды ауданының барлық меншік нысандарындағы объектілердің жылу беру маусымына дайындық барысы туралы» ақпараты назарға алынсын.

2. Шортанды ауданының әкімдігіне және Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (Керімбаева А.А.) ұсынылсын:  

- алдыңғы жылыту маусымында анықталған кемшіліктерді болдырмау және анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау мақсатында жылумен жабдықтау объектілеріне тұрақты негізде мониторинг және техникалық тексеру жүргізсін;

- жылыту маусымына дайындық жоспарларын әзірлесін, қаржыландыру мәселелерін шешсін және мердігер ұйымдармен шарттар отырсын, жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізсін;

- жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттерінде қажетті жұмыстарды жүргізсін, оның ішінде қазандықтарды, ыдыстарды, құбырларды қарап және тексерсін;

- инженерлік желілерде, оның ішінде реконструкциялауға, күрделі және ағымдағы жөндеуге, сынауға және жууға байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі жұмыстарды жалғастырсын;

- жөндеу жұмыстарының қарқынын жеделдетсін және ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына қарай тұрғын үй, білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің уақтылы дайындығын қамтамасыз етсін.

- ғимараттарды (үйлерді) дайындау, ғимараттардың (үйлердің)ішіндегі инженерлік жүйелердің жабдықтарының алдын алу, жөндеу және ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу бойынша ұйым басшыларымен және МИБ төрағаларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- технологиялық апаттарды жою және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі дүлей зілзалалардың салдарын жою үшін негізгі және резервтік отынның, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстардың авариялық қорларының нормативтік қорларын құру;

- жылумен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетілетін инженерлік желілер мен құрылыстардың сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жай-күйін және пайдаланылуын қамтамасыз етсін;

- қазандықтарды қызмет көрсетуші персоналмен, яғни пеш жағушыларды қамтамасыз ету бойынша кадр мәселесін алдын ала шешсін.

3. «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысына (Ш.Х.Ахметова), «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК директорына (Н.М.Шагировқа), «Ойын-сауық  орталығы» ШЖҚ МКК директорына кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесіп ұсынылсын:

-  жылыту маусымына дайындық жоспарларын әзірлесін, қаржыландыру мәселелерін шешу және мердігер ұйымдармен шартқа отырсын, жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізсін;

- әр түрлі штаттан тыс жағдайларды болдырмау үшін жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жаңа жылыту маусымына дайындық жүргізсін;

- бюджеттің сапалы жоспарлануын жүзеге асырсын, сондай-ақ уақтылы сараптамалар жүргізуге және объектілердің жаңа жылыту маусымына дайындығы паспорттарын алуға қажетті қаржы қаражатын көздесін;

- білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінде температуралық режимнің сақталуына және қазандықтардың үздіксіз жұмысына күнделікті бақылауды тұрақты негізде жүргізсін;

- қатты отынның 2 айлық қорын, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз етсін.

4. «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ (Ш.Х.Ахметова) ұсынылсын:

- кепілдік мерзімі өткеннен кейін күрделі жөндеуден өткен білім беру объектілерін ұстауға қаржы қаражатын көздесін.

5. Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (Керімбаев А.А.) ауданның әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілерінің жылыту маусымының өткізілуіне және жаңа жылыту маусымына дайындық барысына бақылауды күшейтсін.

6. Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (Керімбаев А. А.), «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ (Ахметова Ш.Х.), «Шортанды Су» ШЖҚ МКК (Зорький Н.) қаралып отырған мәселе бойынша Шортанды аудандық мәслихатына ақпараттың уақтылы берілмеуіне байланысты орындаушылық тәртібінің төмендігі атап өтілсін.

 

 

Тұрақты

комиссияның төрағасы                                                              Е. Шахметов

 

 

Дата публикации
10 октября 2023