Ауданда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, тазарту және кәріз жүйелерінің жұмыс істеуі жөніндегі жұмыстар кешенін орындау барысы туралы

Бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп,

ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

2023 жылғы 15 қыркүйек № 8                                                  Шортанды к. 

 

 

 

Ауданда халықты сапалы

ауыз сумен қамтамасыз ету,

тазарту және кәріз жүйелерінің

жұмыс істеуі жөніндегі жұмыстар

кешенін орындау барысы туралы

 

 

Шортанды ауданы әкімінің орынбасары А.Т.Тасқынбайдың «Ауданда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, тазарту және кәріз жүйелерінің жұмыс істеуі жөніндегі жұмыстар кешенін орындау барысы туралы» ақпаратын тыңдап, талқылай келе, Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссия  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Шортанды ауданы әкімінің орынбасары А.Т.Тасқынбайдың «Ауданда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, тазарту және кәріз жүйелерінің жұмыс істеуі жөніндегі жұмыстар кешенін орындау барысы туралы» ақпараты назарға алынсын.

2. Шортанды ауданының әкімдігіне және Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (Керімбаева А.А.) ұсынылсын:

- аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, ауданның сенімділігін арттыруға және сумен қамтамасыз етуді жақсартуға ерекше назар аудара отырып, ауданның сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту бойынша жоспарлы жұмыстары жалғастырылсын;

- су құбыры желілеріндегі апаттылықты төмендету мақсатында ауыз суды тазарту сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау, инвестициялық және жөндеу бағдарламаларын белсенді енгізсін;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қазылған шұңқырлар мен құдықтарғасарқынды суларды рұқсатсыз төгіп тастағаны үшін бұзушыларға жауапкершілікті қатаңдатсын;

- ауыз судың сапасы мәселесін тұрақты бақылауға алсын және «Шортанды Су» ШЖҚ МКК-мен бірлесіп көрсеткіштердің сәйкестігі бойынша жан-жақты шаралар қабылдасын;

- сумен жабдықтау және су бұру желілеріндегі тозуды азайту және ысыраптарды қысқарту мақсатында жыл сайын оларды реконструкциялауға және жаңғыртуға қаржы бөлуді жалғастырсын;

- жазғы уақытта ауыз су тапшылығын азайту мақсатында жазғы су құбырын салу жөніндегі жұмыстарды жалғастырсын;

- сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және оларды инвесторларға пайдалануға бермей реконструкциялау үшін мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде инвесторларды тарту мүмкіндігін қарастырсын;

- ауданның су объектілерінің жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етсін;

- Дамса ауылдық округінде кәріз желілерін салу бойынша жұмыстардың сапасы мен уақтылы жүргізілуіне қатаң бақылауды қамтамасыз етсін.

3. Шортанды кентінің әкімімен (Махфуз А.) бірлесіп, жазғы кезеңде Шортанды кентінде ауыз су тапшылығын болдырмау мақсатында тұрғындармен жазғы су құбырына қосылу тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын жалғастырсын.

4. Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (Керімбаев А.А.), Шортанды ауданының «Құрылыс бөлімі» ММ (Риб В.Ю.) қаралып отырған мәселе бойынша Шортанды аудандық мәслихатына ақпараттың уақтылы берілмеуіне байланысты орындаушылық тәртібінің төмендігі атап өтілсін.

 

 

Тұрақты

комиссияның төрағасы                                                              Е. Шахметов

 

 

Дата публикации
10 октября 2023