
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде аудандық мәслихатында А.И. Доброскоктың төрағалығымен «Шортанды ауданының елді мекендерін, ҚТҚ полигондарын абаттандыру және санитарлық тазарту туралы», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шолу және бұзушылықтардың алдын алу» мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Кеңес отырысына Шортанды ауданының әкімі Шабаров Сағындық Серікбайұлы, Шортанды ауданы әкімі аппаратының басшысы, мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары қатысты.
Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері сұрақтар қойып, оларға түсініктемелер берілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар жолданады.