ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ
27.09.2023 ж.
Шортанды ауданының «ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ басшысы А.А. Керімбаевтің «Шортанды ауданының елді мекендерін, ҚТҚ полигондарын абаттандыру және санитарлық тазарту туралы» есебін тыңдап және талқылап, Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесі ҰСЫНАДЫ:
1. Шортанды ауданының «ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ басшысы А.А. Керімбаевтің ақпараты назарға алынсын.
2. Шортанды ауданының «ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ - не ұсыну:
- елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жүйелі және мақсатты жұмыстарды жалғастыру;
- «Шортанды Су» ШЖҚ МКК бірлесіп:
- ҚТҚ полигондарын санитариялық қағидаларға сәйкес жабдықтау: ҚТҚ полигондарына кіретін жолдарды үйіп бекітуді, санитариялық тазалауды және абаттандыруды жүргізу;
- көшелердің атауы бар тақтайшаларды, сондай-ақ қоршауларды (дуалдарды) және шағын сәулет нысандарын тиісті жағдайда ұстау (қоршаудың (дуалдың) сыртқы жағынан сырлау, ақтау) бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру;
- аудан аумағын аббаттандыру саласында жергілікті жердің ағымдағы санитарлық жағдайына бақылау жүргізу;
- жол жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс қоқыстарын шығару жұмысын үйлестіру;
- белгіленген кестеге сәйкес мерзімде жүзеге асырылатын қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша жұмысы бақылауға алынсын;
- қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге және контейнерлік алаңдарға күлді тастауға және жинауға жол бермеуге бақылау жүргізу;
- көшелерді, жолдарды, алаңдарды және басқа да жарықтандырылатын нысандарды сыртқы жарықтандыруға ерекше назар аудару.
3. Жоғарыда көрсетілген ұсынымдарға жауапты ағымдағы жылдың 25 қазанына дейін ұсынуыңызды сұраймыз.
Шортанды ауданының
Қоғамдық кеңесінің төрағасы А. Доброскок