№ 8С-8/8 шешім (Шортанды ауданы Дамса ауылдық округінің Дамса ауылының көшелерін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы)

ШОРТАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІРЛЕСКЕН

ҚАУЛЫСЫ ЖӘНЕ ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

 

 

 

 

Шортанды ауданы

Дамса ауылдық округінің

Дамса ауылының көшелерін

қайта атау жөнінде ұсыныстар

енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақмола облысының ономастика комиссиясының қарауына қайта атау жөнінде келесі ұсыныстар енгізілсін:

1) Дамса ауылында:

- Велижанцев көшесі А.Ф. Велижанцев көшесіне;

- Кузьмин көшесі В.П. Кузьмин көшесіне; 

- Бараев көшесі А.И. Бараев көшесіне;

- Гагарин көшесі Ю.А. Гагарин көшесіне.

2. Осы бірлескен қаулы және шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Шортанды ауданының

әкімі                                                                                      С. Шабаров

 

 

Шортанды аудандық

мәслихатының төрайымы                                                Г. Сәдуақасова

 

Дата публикации
21 сентября 2023