ШОРТАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІРЛЕСКЕН
ҚАУЛЫСЫ ЖӘНЕ ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ
Шортанды ауданы
Андреевка ауылдық округінің
Андреевка ауылының көшелерін
қайта атау жөнінде ұсыныстар
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысының ономастика комиссиясының қарауына қайта атау жөнінде келесі ұсыныстар енгізілсін:
1) Андреевка ауылында:
- Молодежная көшесі Бостандық көшесіне;
- Степная көшесі Жеңіс көшесіне;
- Пушкин көшесі Береке көшесіне;
- Первомайское көшесі Бейбітшілік көшесіне;
- Мира көшесі Төле би көшесіне.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Шортанды ауданының
әкімі С. Шабаров
Шортанды аудандық
мәслихатының төрайымы Г.Сәдуақасова