ШОРТАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІРЛЕСКЕН
ҚАУЛЫСЫ ЖӘНЕ ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ
Шортанды ауданы
Раевка ауылдық округінің
Раевка ауылы мен Гуляй Поле
ауылдарының көшелерін
қайта атау жөнінде
ұсыныстар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысының ономастика комиссиясының қарауына қайта атау жөнінде келесі ұсыныстар енгізілсін:
1) Раевка ауылында:
- Набережная көшесі Талғат Бигелдинов көшесіне;
- Целинная көшесі Достық көшесіне;
- «1-шағын аудан» көшесі Болашақ көшесіне;
- «2-шағын аудан» көшесі Арман көшесіне;
2) Гуляй-Поле ауылында:
- Полевая көшесі Жеңіс көшесіне;
- Приозерная көшесі Достық көшесіне;
- Школьная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
- Лесная көшесі Мәншүк Мәметова көшесіне;
- «Целинный шағын ауданы» көшесі Ақсай көшесіне;
2. Осы бірлескен қаулы және шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Шортанды ауданының
әкімі С. Шабаров
Шортанды аудандық
мәслихатының төрайымы Г.Сәдуақасова