ШОРТАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІРЛЕСКЕН
ҚАУЛЫСЫ ЖӘНЕ ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ
Шортанды ауданы
Новокубанка ауылдық округінің
Новокубанка ауылының көшелерін
қайта атау жөнінде ұсыныстар
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысының ономастика комиссиясының қарауына қайта атау жөнінде келесі ұсыныстар енгізілсін:
1) Новокубанка ауылында:
- Набережная көшесі Достық көшесіне;
- Почтовая көшесі Әл-Фараби көшесіне;
- Колхозная көшесі Ғабит Мүсірепов көшесіне;
- Степная көшесі Қаби Тұрсынов көшесіне.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Шортанды ауданының
әкімі С. Шабаров
Шортанды аудандық
мәслихатының төрайымы Г.Сәдуақасова