№ 8С-8/4 шешім (Шортанды ауданы Жолымбет кентінің көшелерін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы)

ШОРТАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІРЛЕСКЕН

ҚАУЛЫСЫ ЖӘНЕ ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

 

 

 

 

Шортанды ауданы Жолымбет

кентінің көшелерін қайта атау

жөнінде ұсыныстар енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақмола облысының ономастика комиссиясының қарауына қайта атау жөнінде келесі ұсыныстар енгізілсін:

1) Жолымбет кентінде:

- Комсомольская көшесі Шәкен Шәйкенұлы Мұқышев көшесіне;

- Попович көшесі Тәуелсіздік көшесіне;

- Строительная көшесі Кеңшілер көшесіне;

- Валиханов көшесі Шоқан Уәлиханов көшесіне.

2. Осы бірлескен қаулы және шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Шортанды ауданының

әкімі                                                                                      С. Шабаров

 

 

Шортанды аудандық

мәслихатының төрайымы                                                Г.Сәдуақасова

 

Дата публикации
21 сентября 2023