№ 8С-8/3 шешім (Шортанды ауданы Новоселовка ауылдық округінің Новопервомайское ауылын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы)

ШОРТАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІРЛЕСКЕН

ҚАУЛЫСЫ ЖӘНЕ ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

 

 

Шортанды ауданы

Новоселовка ауылдық округінің

Новопервомайское ауылын қайта атау

жөнінде ұсыныс енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақмола облысының ономастика комиссиясының қарауына қайта атау жөнінде келесі ұсыныс енгізілсін:

1) Новопервомайское ауылы Қоскөл ауылына.

2. Осы бірлескен қаулы және шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Шортанды ауданының

әкімі                                                                                      С. Шабаров

 

 

Шортанды аудандық

мәслихатының төрайымы                                                Г. Сәдуақасова

Дата публикации
21 сентября 2023