№ 8С-8/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

сегізінші шақырылымының

кезектен тыс сегізінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сегізінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 7С-35/2 «2023-2025 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.  

Ақпараттандырады: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы – Ж.Қ.Мұнтаева.

2. Шортанды ауданы Новоселовка ауылдық округінің Новопервомайское ауылын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы.

3. Шортанды ауданы Жолымбет кентінің көшелерін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы.

4. Шортанды ауданы Новокубанка ауылдық округінің Новокубанка ауылының көшелерін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы.

5. Шортанды ауданы Раевка ауылдық округінің Раевка ауылы мен Гуляй Поле ауылдарының көшелерін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы.

6. Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінің Андреевка ауылының көшелерін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы.

7. Шортанды ауданы Дамса ауылдық округінің Дамса ауылының көшелерін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы.

8. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 тамыздағы № 7С-27/12 «Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

9. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № С-37/2 «Шортанды аудандық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпараттандырады: «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» ММ аппарат басшысы - С.Қ.Әкімжанова.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрайымы                                                   Г. Сәдуақасова

Дата публикации
21 сентября 2023