Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-34/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7 437 773,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 089 610,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 9 200 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 17 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5 321 962,7 мың теңге;
2) шығындар – 7 573 898,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – (-26 328) мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 51 750 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 78 078 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-109 797) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 109 797 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4, 7, 8 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шортанды аудандық мәслихатының төрайымы
Г. Сәдуақасова