Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2023 жылғы 26 шілде № 7 Жолымбет кенті
Жолымбет к., Новоселовка, Бектау
ауылдық округтері әкімдерінің
атқарған жұмыстары туралы есептері
Жолымбет кентінің әкімі, Е.Ү.Әуезхановтың, Новоселовка ауылдық округінің әкімі Д.Қ.Жұмағұлованың және Бектау ауылдық округінің әкімі Д. Баяндының атқарған жұмыстары туралы есептерін тыңдап және талқылап, депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Жолымбет кентінің әкімі, Е.Ү.Әуезхановтың, Новоселовка ауылдық округінің әкімі Д.Қ.Жұмағұлованың және Бектау ауылдық округінің әкімі Д. Баяндының есебі назарға алынсын.
2. Округ әкімдеріне ұсынылсын:
- депутаттардың айтқан ұсыныстарын ескере отырып, округ экономикасын серпінді дамыту, экономикалық әлеуетті арттыру және округ халқының өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау;
- инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілерді дамыту, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуды барынша қамтамасыз ету, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі бірінші кезектегі мәселелерді шешуге ерекше назар аудару;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес көздер есебінен қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын толықтыру бойынша жұмысты жандандыру;
- жергілікті қоғамдастықтың жұмысын жолға қою және өз жұмысында олардың әлеуетін барынша пайдалану;
- шаруашылық бойынша электрондық кітаптарды неғұрлым дұрыс жүргізу мақсатында аула аралауларын мұқият жүргізу;
- меншіктің барлық нысандарындағы объектілерді және оларға іргелес аумақтарды абаттандыру және эстетикалық жай-күйін тиісті түрге келтіру бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастыру;
- жерлеу және қабірлерге күтім жасау жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес қабірлерге арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді жүргізуді қамтамасыз ету;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарау бойынша жұмысты жалғастыру;
- округтің білім беру объектілерінің тұрақты жұмыс істеуі үшін проблемалық мәселелерді шешуге барлық жағынан көмектесу;
- «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-мен бірлесіп округ жастарының бос уақытын ұйымдастыру бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастыру;
- мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік маңызы бар объектілерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Құрылыс бөлімі ММ және «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бірлесіп осы іс-шараларды аяқтау;
- округтің білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің жылу беру маусымына дайындығына тұрақты негізде бақылауды жүзеге асыру;
- иесіз малды бақылаусыз жаюды болдырмау мәселесі бойынша халық арасында жүйелі түрде профилактикалық жұмыс жүргізу;
- «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ және «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бірлесіп округ тұрғындарына мал жаю үшін жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселелерін шешу;
- «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-мен бірлесіп:
- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды жалғастыру, сондай-ақ округ аумағында іске асырылатын инвестициялық жобаларға тұрақты мониторинг жүргізу;
- шаруашылық жүргізуші субъектілермен олардың өндірісінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын ұлғайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізу;
- шаруашылық жүргізуші субъектілермен олардың өндірісінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын ұлғайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізу;
- Шортанды ауданы ПБ ЖПҚ-мен бірлесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын, сондай-ақ абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын күшейту.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тұрақты комиссияның
төрайымы Г. Даитова