№ 8С-7/2 шешім (Шортанды ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі)

Шортанды ауданы әкімінің

өзіне жүктелген функциялары мен

міндеттерінің орындалуы туралы есебі

 

 

Шортанды ауданының әкімі С.С.Шабаровтың есебін тыңдап, талқылағаннан кейін Шортанды аудандық мәслихаты ауданның атқарушы органдарының қызметі экономикалық тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Мәселен, ағымдағы жылдың 6 айында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 57 492,3 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 810,2 млн.теңгеге артық. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 172,7 % құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 5 392,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 762,9 млн.теңгеге артық. Ауыл шаруашылығының нақты көлемінің индексі тиісті кезеңге 100,8% (2022 жылғы қаңтар – маусымда 4 629,8 НКИ-101,1%) құрады.

Негізгі инвестиция көлемі 2 988,4 млн. теңгені, НКИ-өткен жылдың сәйкес кезеңіне 16,5% (2022 жылдың қаңтар-маусымында – 17253,9 млн.теңге, НКИ-2,1 % есе) құрады.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны артты. Шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы саны 1452 құрады.

Бөлшек сауданың тауар айналымы 2 984,6 млн.теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 104,8% (2022 жылғы маусым 2420,8 млн. теңге, НКИ-105,2%) құрады. Көтерме сауда айналымы 599,5 млн. теңгені немесе 65,2% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1244,8 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,0% құрады. Жыл басынан бері 5 066 шм. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 106,2%.

Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 449,4 млн. теңгені, нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,4% құрады.

Тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым мәселелерін шешу өңірді дамыту басымдықтарының қатарында болып отыр.

Аудандық бюджет қаражатынан көше жарығын орнатуға 100,0 млн. теңге қарастырылған.

Автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы Шортанды ауданының аумағында жалпы ұзындығы 35,47 шм. кентішілік жолдарды жөндеу жоспарланған, оның ішінде аудандық маңызы бар жолдары ішінен - 8 шм, көше - жол желісі - 27,47 шм. аталған іс-шараларды өткізуге барлығы 1 921 397,93 мың теңге бөлінді.

Жылдан жылға ойын және спорт алаңдарын орнату жүргізілетін елді мекендердің саны артып келеді.

Ағымдағы жылы аудан «Ауыл – ел бесігі» республикалық бағдарламасының мүмкіндіктерін табысты пайдаланды, оның шеңберінде жалпы ұзындығы 9,35 шм болатын 4 елді мекенде жол жабынына жөндеу жүргізілгенін айта кету керек. Бұл мақсаттарға 412 802,0 мың теңге қарастырылған.

Алдағы жылыту маусымына қазандықтарды, инженерлік желілерді, жылумен жабдықтау объектілерін дайындау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласындағы кейбір мәселелерге назар аудару қажет. Бұл мал басын одан әрі ұлғайтуға, ет, сүт өндіруге, жемшөп базасының проблемаларын шешуге, мал шаруашылығының ветеринарлық әл-ауқатын қамтамасыз етуге, жайылымдарды басқарудың жаңа Жоспарын әзірлеуге және басқа да бірқатар мәселелерге байланысты мәселелерді шешу.

Есепті кезеңде өткен жылдың ұқсас кезеңіне инвестициялық салымдар мен құрылыс жұмыстарының көлемі азайтылды. Осыған байланысты, өңірді одан әрі дамыту мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерден жаңа бастамаларды қарастыру және жаңа инвесторларды тарту бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды ауданының әкімі С.С.Шабаровтың есебі бекітілсін.

2. Мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыру және экономиканың негізгі салаларының өсу қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың тиісті жұмысы атап өтілсін.

3. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшыларына ұсынылсын:

- Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары шеңберінде мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды тиімді іске асыру жөнінде шаралар қабылдансын;

- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері мен индикаторлары сақталсын және жақсарсын;

- негізгі капиталға инвестициялар көлемі және құрылыс жұмыстарының көлемі сияқты көрсеткіштерді орындау бойынша қажетті шаралар қабылдансын;

- ауданға инвесторларды тарту мақсатында инвестициялық тартымдылық бойынша жұмысқа ерекше күш жігер салынсын;

- азық-түлік тауарлары мен бірінші қажеттіліктегі тауарларға бағаның өсуіне жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдансын;

- халықтың әлеуметтік осал топтарына (жалғызбасты зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға) көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілсін;

- есепте белгіленген инфрақұрылым объектілері пайдалануға уақытылы тапсырылсын және жүргізілетін жұмыстар ерекше бақылауға алынсын;

- демографиялық және көші-қон процестерін, әлеуметтік-экономикалық дамуды талдау негізінде кентішілік және аудандық маңызы бар білім беру мекемелерін, су құбыры желілері мен автомобиль жолдарын жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу көзделсін.

4. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 


Аудандық мәслихаттың

төрайымы                                                                  Г. Сәдуақасова

 

 

Дата публикации
25 августа 2023