Петровка және Дамса ауылдық округтері әкімдерінің атқарған жұмыстары туралы есептері

Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның

ҚАУЛЫСЫ

 

2023 жылғы 21 шілде № 6                                                                    Дамса а. 

 

 

 

Петровка және Дамса

ауылдық округтері әкімдерінің

атқарған жұмыстары туралы

есептері

 

 

Петровка ауылдық округінің әкімі Т.Н.Ахметов пен Дамса ауылдық округінің әкімі Г.Ж.Әбдірахманованың атқарған жұмыстары туралы есептерін  тыңдап және талқылап,  депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Петровка ауылдық округінің әкімі Т.Н.Ахметов пен Дамса ауылдық округінің әкімі Г.Ж.Әбдірахманованың есептері назарға алынсын.

2. Округ әкімдеріне ұсынылсын:

- депутаттармен айтылған ұсыныстарды ескере отырып, округ экономикасын серпінді дамыту, экономикалық әлеуетті арттыру және округ халқының өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдансын;

- инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілерді дамытсын, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуды барынша қамтамасыз етсін, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі бірінші кезектегі мәселелерді шешуге баса назар аударсын;

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес көздеу есебінен қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын толықтыру бойынша жұмысты жандандырсын;

- жергілікті қоғамдастықтың жұмысын жолға қойсын және өз жұмысында олардың әлеуетін барынша пайдалансын;

- шаруашылық бойынша электрондық кітаптарды неғұрлым дұрыс жүргізу мақсатында аула аралауларын мұқият жүргізсін;

- меншіктің барлық нысандарындағы объектілерді және оларға іргелес аумақтарды абаттандыру және эстетикалық жай-күйін тиісті түрге келтіру бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастырсын;

- жерлеу және қабірлерге күтім жасау жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес қабірлерге арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді жүргізуді қамтамасыз етсін;

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарау бойынша жұмысты жалғастырсын;

- округтің білім беру объектілерінің тұрақты жұмыс істеуі үшін проблемалық мәселелерді шешуге барлық жағынан көмек көрсетсін;

- бағдарлама әкімшілерімен бірлесе отырып, округ аумағында іске асырылатын инфрақұрылым объектілері мен жобаларды жұмыстарды жүргізуді және уақтылы пайдалануға беруді бақылауға алсын;

- «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ (А.В.Сейфидинов) бірлесіп округ жастарының бос уақытын ұйымдастыру бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастырсын;

- мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік маңызы бар объектілерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Сытник Т.А.) «Құрылыс бөлімі» ММ (Риб В. Ю.) және «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ (Ордабаева Ә.Ш.) осы іс-шараларды аяқтасын;

- округтің білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің жылу беру маусымына дайындығына тұрақты негізде бақылауды жүзеге асырсын;

- қаңғыбас малды бақылаусыз жаюды болдырмау мәселесі бойынша халық арасында жүйелі түрде алдын-алу жұмыстары жүргізілсін;

- «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен бірлесіп (Ордабаева ӘШ.) және «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»  ММ (Коркотко Г.Х.) округ тұрғындарына мал жаю үшін жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселелерін шешсін;

- «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-мен бірлесіп (Коркотко Г.Х.):

- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды жалғастырсын, сондай-ақ округ аумағында іске асырылатын инвестициялық жобаларға тұрақты мониторинг жүргізсін;

- шаруашылық жүргізуші субъектілермен олардың өндірісінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын ұлғайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізсін;

- Шортанды ауданының ПБ ЖПҚ - мен бірлесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын, сондай-ақ абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын күшейтсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 


Тұрақты комиссияның

төрайымы                                                                                    Г. Даитова

Дата публикации
25 августа 2023