№ 8С-7/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

сегізінші шақырылымының

кезекті жетінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті жетінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі.

Баяндамашы: Шортанды ауданының әкімі -  С.С.Шабаров.

2. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-34/2 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 

Ақпараттандырады: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы - Ж.Қ.Мұнтаева. 

3. Шортанды ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.  

4. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-34/3 «2023 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

5. Шортанды ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін бекіту туралы.

6. Шортанды ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.

7. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-37/5 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

8. Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрайымы                                                   Г. Сәдуақасова

 

 

Дата публикации
23 августа 2023