Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2023 жылғы 15 маусым № 5 Шортанды кенті
Шортанды ауданының әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым объектілеріне мүмкіндігі шектеулі адамдардың кедергісіз жүріп-тұруын және оларға қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы
Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы О.Ю.Алимованың «Шортанды ауданының әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым объектілеріне мүмкіндігі шектеулі адамдардың кедергісіз жүріп-тұруын және оларға қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы» ақпаратын тыңдап және талқылап, депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы О.Ю.Алимованың «Шортанды ауданының әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым объектілеріне мүмкіндігі шектеулі адамдардың кедергісіз жүріп-тұруын және оларға қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы» ақпараты назарға алынсын.
2. Шортанды ауданының әкімдігіне ұсынылсын:
- елді мекендерді жобалау, салу және құрылысын жоспарлау кезінде ұлттық стандарттарға сәйкес жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтарды абаттандыру, мүгедек адамдардың тұрғын қоғамдық және өндірістік ғимараттардың, тұрғын аудандардың құрылыстары мен үй-жайларының қолжетімділігін қалыптастыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді ескере отырып, мүгедек адамдарға автокөліктерді қоса алғанда, арнайы жүріп-тұру құралдары үшін гараждар немесе тұрақтар салуға кезектен тыс орын беру;
- мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде синхронды дыбыстық және жарық сигналдары бар арнайы бағдаршамдарды, жол белгілері мен көрсеткіштерін, дыбыс және жарық құрылғыларымен жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату.
3. Шортанды ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес лауазымды тұлғаларды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды және мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне кедергісіз қол жеткізу үшін жағдайларды қамтамасыз етпейтін заңды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін бақылауға алу.
4. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Сытник Т.А.) «Құрылыс бөлімі» ММ (Риб В.Ю.) және «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ (Ордабаева Ә.Ш.) бірлесіп:
- әлеуметтік маңызы бар объектілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар және халықтың өзге де мобильділігі төмен топтары үшін орта құруды ескере отырып, объектілерді салу кезінде мемлекеттік нормативтердің сақталуын бақылау;
- мүмкіндігі шектеулі азаматтардың оларға қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында оларды пандустармен жарақтандыруды талап ететін емдеу және өзге де әлеуметтік маңызы бар объектілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізу. Бір мезгілде жаңадан пайдалануға берілетін әлеуметтік объектілерді, оларға ҚНжЕ нормалары мен талаптарына сәйкес жайластыру жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
- салынып жатқан (салынуы жоспарланған) объектілер мен кешендердің мониторингіне қатысуға мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін белсендірек тарту.
5. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Т.А.Сытник) «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-мен (Г.Х. Коркотко) бірлесіп Шортанды ауданының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалармен, сондай-ақ заңды тұлғалармен ортақ пайдаланылатын көлік құралдарына, тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылыстар мен үй-жайларға кедергісіз қол жеткізу, теміржол вокзалында еркін бағдарлану және жүріп-тұру үшін мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасау туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу.
6. «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ (А.В. Сейфидинов) мүгедектігі бар адамдарға мәдени-ойын-сауық іс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін спорт ғимараттарына қол жеткізу үшін жағдай жасауды, арнайы спорттық мүкәммал ұсынуды қамтамасыз ету.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрайым Г. Даитова) жүктелсін.
Комиссия төрайымы Г. Даитова