Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2023 жылғы 15 маусым № 4 Шортанды кенті
Шортанды ауданындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың
жай-күйі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ көрсетілетін қызметтерінің сапасы туралы
Шортанды ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Мизамхан Гүлнардың «Шортанды ауданындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың жай-күйі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ көрсетілетін қызметтерінің сапасы туралы» ақпаратын тыңдап және талқылап, депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Шортанды ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Мизамхан Гүлнардың «Шортанды ауданындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың жай-күйі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ көрсетілетін қызметтерінің сапасы туралы» ақпараты назарға алынсын.
2. Шортанды ауданының әкімдігіне ұсынылсын:
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізсін, оның қорытындысы бойынша қоғамдық мониторинг есебінде көрсетілген ұсынымдарды орындау жөнінде шаралар қабылдануы тиіс;
- халықтың шағымдары фактілері бойынша тұрақты кері байланысты қамтамасыз етсін;
- көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған уақтылы шаралар қабылдасын;
- мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қажетті ақпаратты ашық қолжетімділікте қамтамасыз етсін;
- мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзуға жол бермеу бойынша бақылауды күшейтсін және шаралар қабылдасын;
- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермесін;
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша шаралар кешенін қабылдасын;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына тұрақты негізде ішкі бақылау жүргізсін;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырсын, сондай-ақ мүгедек адамдармен қарым-қатынас дағдыларын үйретсін.
3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалына (Мизамхан Г.) ұсынылсын:
- мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын, сондай-ақ оларды көрсету үшін қажетті өзекті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
- белгілі бір мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту жөнінде шаралар қабылдасын;
- мемлекеттік қызметтерді (пандус, дәретхана, тактильді жолақтар, мнемосхем) алу кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасасын;
- ХҚКО-да санитарлық талаптарды қамтамасыз ету мақсатында жазғы уақытта залды кондиционерлеу мүмкіндігін ойластырып, келушілер үшін залда үнемі ылғалды тазалық жүргізсін;
- ақпараттық жүйелердің жұмысындағы жиі іркілістерді болдырмау мәселесін пысықтасын;
- көрсетілетін қызметті алушылардың кезегін қысқарту мақсатында көрсетілетін қызметтерді өз бетінше алу бойынша азаматтарды оқыту жөніндегі консультанттардың санын көбейтсін;
- ХҚКО қызметкерлерінің бос орындарын толтыру бойынша кадр мәселесін қысқа мерзімде шешсін;
- адамдарға ұсынылатын қызметтің сапасыздығына шағымдарды болдырмау үшін қызметкерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттырып, мүгедек адамдармен қарым-қатынас дағдыларын үйретсін;
- мемлекеттік қызмет көрсету туралы көрнекі ақпараты бар стендтер орнатсын.
3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы (Мизамхан Г.) «Шортанды кенті әкімінің аппараты» ММ-мен бірлесіп ХҚКО операциялық залына жөндеу жүргізу мәселесін қарасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрайым Г. Даитова) жүктелсін.
Комиссия төрайымы Г. Даитова