Шортанды аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезектен тыс алтыншы сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс алтыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № С-37/2 «Шортанды аудандық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпараттандырады: «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» ММ аппарат басшысы - С.Қ.Әкімжанова
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № С-37/3 «Шортанды ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпараттандырады: «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» ММ аппарат басшысы - С.Қ.Әкімжанова.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8С-2/8 «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
4. Шортанды ауданы әкімдігінің персоналдық құрамын келісу туралы.
5. Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 мамырдағы № С-38/6 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6. Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 15 тамыздағы № С-19/4 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
7. Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № С-12/4 «Шортанды ауданының бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
8. Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 қазандағы № С-9/19
«Бюджетке төлемдер мен салықтар, еңбекақы мен жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар бойынша берешекті болдырмау жөнінде дербес құрамын
бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
9. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 тамыздағы № 7С -27/12 «Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
10. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С -37/5 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
11. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы № С -49/14 «Шортанды ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
12. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № С – 64/4 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
13. Шортанды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 тамыздағы № С-29/6 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері
жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрайымы Г. Сәдуақасова