2023 жылдың 1 тоқсанында Шортанды ауданында Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және жер қатынастарының, сәулет және қала құрылысының профилактикасы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы

ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

 

 

10.05.2023 ж.

 

Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесі «2023 жылдың 1 тоқсанында Шортанды ауданында Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және жер қатынастарының, сәулет және қала құрылысының профилактикасы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» сұрағы бойынша «Шортанды ауданы әкімі аппараты» ММ «Мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық технология сараптама бөлімі» басшысы Б.С. Әшімованың ақпараттарын  тыңдап және талқылап ҰСЫНАДЫ:

1. «Шортанды ауданы әкімі аппараты» ММ «Мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық технология сараптама бөлімі» басшысы Б. Әшімованың «2023 жылдың 1 тоқсанында Шортанды ауданында Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және жер қатынастарының, сәулет және қала құрылысының профилактикасы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы»  ақпараты назарға алынсын.

2. Ұсынылсын:

- Әлеуметтік желілерде және БАҚ-та жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты 01.06.2023 жылға дейінгі мерзімде орналастыруды қамтамасыз ету;

- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі жоспардың орындалуына бақылау жүргізу.

3. Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарға жауап 2023 жылғы 12 маусымда ұсынуды сұраймыз.

 

 

 

Шортанды аудандық

Қоғамдық кеңестің төрағасы                                              А.Доброскок

 

 

 

 

Дата публикации
13 июня 2023