Шортанды ауданында ЖТҚ үшін жер учаскелерін беру туралы

ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

 

10.05.2023 ж.

 

Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Ордабаева Әсел Шахманқызының «Шортанды ауданында ЖТҚ үшін жер учаскелерін беру туралы» есебін тыңдап және талқылап, Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесі ҰСЫНАДЫ:

1. Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Ә.Ш. Ордабаеваның ақпараты назарға алынсын.

2. Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ - не ұсыну:

- Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастыру;

- жер учаскелерін беру кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу шараларының кешенін жүзеге асыру;

- Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының жұмысын үйлестіру;

- жер учаскелерін беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы БАҚ және әлеуметтік желілер, сайттар арқылы мақсатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

3. Жоғарыда көрсетілген ұсынымдарға жауапты ағымдағы жылдың 12 мамырда ұсынуыңызды сұраймыз.

 

 

Шортанды ауданының

Қоғамдық кеңесінің төрағасы                                               А. Доброскок

Дата публикации
13 июня 2023