ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ
31.03.2023 ж.
Шортанды ауданы Қоғамдық кеңесі Ақмола облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Шортанды аудандық филиалының директоры Қ.Т. Едігеновтің «Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы Шортанды ауданы «Атамекен» ауданы филиалының ауданда кәсіпкерлікті әрі қарай дамыту және өсудегі рөлі» ақпаратын тыңдап және талқылай отырып ҰСЫНАДЫ:
1. Ақмола облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Шортанды аудандық филиалының директоры Қ.Т. Едігеновтің ақпараты назарға алынсын.
2. Ақмола облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасының Шортанды аудандық филиалына ұсынылсын:
- ауданда іскерлік, инвестициялық ахуалды және тұрақтылықты жақсарту, кәсіпкерлікті жүргізу үшін жағдайларды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- Бизнесмендердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік қағидаларын қалыптастыру процесіне барлық кәсіпкерлерді кеңінен қамту және тартуды қамтамасыз ету;
- кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) ауданның мемлекеттік органдарымен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру.
3. Жоғарыда көрсетілген ұсынымдарға жауапты ағымдағы жылдың 28 сәуіріне дейін ұсынуды сұраймыз.
Шортанды ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрағасы А. Доброскок