«Шортанды ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК жүргізіп жатқан жұмысы туралы

ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

 

31.03.2023 ж.

 

 Шортанды ауданы Қоғамдық кеңесі Ақмола облысы «Шортанды ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК басшысының  м.а. Е. Х. Қожасбаевтың  «Шортанды ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК жүргізіп жатқан жұмысы туралы»:

- қаңғыбас иттерді аулауға қатысты мәселелер   ақпаратын тыңдап және талқылай отырып ҰСЫНАДЫ:

1. Ақмола облысы «Шортанды ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК басшысының  м.а. Е. Х. Қожасбаевтың  ақпараты назарға алынсын.

2. Ақмола облысы «Шортанды ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК ұсынылсын:  

- аудандағы эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыру және ветеринариялық іс-шаралар жүргізу бойынша жұмысты күшейту;

- мал қорымдары мен мал сою алаңдарын салу жөніндегі іс-шараларды жалғастыру;

- жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар арасында мал шаруашылығын жүргізу мәдениеті мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу;

3. Жоғарыда көрсетілген ұсынымдарға жауапты ағымдағы жылдың 28 сәуіріне дейін ұсынуды сұраймыз.

 

Шортанды ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрағасы                                                      А. Доброскок

Дата публикации
13 июня 2023