Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 8С-3/2 "Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-34/2 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы " шешімі

Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-34/2 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 8 430 064,5 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 054 610,6 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 9 200 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 17 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 6 349 253,9 мың теңге;

2) шығындар – 8 566 189,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – (-26 328) мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 51 750 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 78 078 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-109 797) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 109 797 мың теңге.»;

келесі мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:

«5-1. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген 64 000,3 мың теңге сомасындағы бюджеттік кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу есепке алынсын.»;

10-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«10-1. 2023 жылдың 1 қаңтарында қалыптасқан жағдай бойынша аудандық бюджетте 200 125,3 мың теңге сомасында бюджет қаражатының бос қалдықтары есепке алынсын.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 7, 8, 9 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды аудандық мәслихатының төрайымы
 
 Г. Сәдуақасова
 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 мая 2023