
Кеше Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелері «Шортанды ауданында су құбыры желілерін реконструкциялау мәселелері бойынша қоғамдық мониторинг» сұрағы бойынша мониторингін жүргізді.
Мониторингтік топ құрамында: Шортанды аудандық мәслихатының төрайымы – Г.Ә. Сәдуақасова, Қоғамдық кеңестің төрағасы – А.И. Доброскок, Қоғамдық кеңестің мүшелері – Н. С. Машанло, А. А. Коровина, Қоғамдық кеңестің хатшысы - С. С. Жакеева, «ТКШ, АД және АЖ бөлімі» ММ бас маманы.
Мониторинг барысында топ «Дамса ауылының кәріз желілерін Күрделі жөндеу» жобасының іске асырылу барысымен танысты.
«Айсабыр Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілдерімен кездесті. Бүгінгі таңда К8-К9 учаскесінде өздігінен ағатын кәріз құбырын төсеу жұмыстары басталды. Ағымдағы жылдың сметалық жобаны іске асуруы мамыр –қыркүйек айлар арасында.




