Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2023 жылғы 11 мамыр № 3 Шортанды к.
Шортанды ауданында қоғамдық тәртіпті
және жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті
полиция қызметінің жұмысы туралы
Шортанды ауданының полиция бөлімінің «Шортанды ауданында қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы» ақпаратын тыңдап талқылағаннан кейін, Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Шортанды ауданының полиция бөлімінің «Шортанды ауданында қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы» есебі назарға алынсын.
2. Шортанды ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметіне ұсынылсын:
1) құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін мақсатты түрде жүзеге асыру. ЖКО алдын алу және ауданда жол қозғалысының сенімді қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол учаскелеріне талдау жүргізу, ауданның жергілікті атқарушы органдарына ЖКО жиі тіркелетін жерлерге қатысты тиісті жол белгілерін (қиылыстардағы жаяу жүргіншілер өткелдері, жылдамдықты 40 шм-ға дейін шектеу және т. б.) орнату қажеттілігі туралы ұсыну;
2) Шортанды ауданының елді мекендерінің аумақтарында қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
- учаскелік полиция инспекторларынан өздерінің әкімшілік учаскелеріндегі жұмыс нәтижелерін жақсарту жөніндегі мәселелерді неғұрлым тиімді шешуді, өткізілетін іс-шаралардың жоғары тиімділігіне қол жеткізуді талап ету;
- учаскелік полиция инспекторларының ауылдық округ әкімдерімен, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерімен, ауданның басқа да ұйымдарымен, мекемелерімен және кәсіпорындарымен, сондай-ақ ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастығымен, ауданның қоғамдық кеңесімен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
- «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-мен бірлесіп терроризмнің алдын алу мақсатында радикалды және экстремистік ағымдардың енуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ аудан халқы арасында ақпараттық-насихаттық жұмысты күшейту;
3) ауылдық округ әкімдерімен, жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп алкоголь өнімін заңсыз сату фактілерін жою мақсатында шаралар кешенін жүргізу;
4) қолайсыз отбасыларда алдын-алу жұмысты табанды және мақсатты түрде жүргізуге, жанжалды жағдайлардың алдын алуды ерте кезеңде қамтамасыз ету. Тұрмыстық, «мас» және рецидивтік қылмыстың алдын алу бойынша есеп беретін адамдармен үнемі жеке-профилактикалық жұмыс жүргізу;
5) ветеринария және елді мекендерді абаттандыру саласындағы бұзушылықтардың жиілеуіне байланысты ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларға белсенді қатысуға, сондай-ақ мал ұрлығының алдын алу мақсатында тиісті профилактикалық жұмыс жүргізу;
6) жол қозғалысы ережелерін бұзу санын азайту мақсатында жол қозғалысын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту, бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдаудың тиімділігін арттыру;
7) қылмыстардың, оның ішінде алкогольдік мас күйінде, тұрмыста, көшелерде және қоғамдық орындарда өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмысты жалғастыру;
8) жол, коммуналдық және басқа да қызметтерге қатысты өз нұсқамаларының орындалу мәселесін тұрақты бақылауда ұстау, жол-көлік оқиғасына қауіпті учаскелерде жол белгілерін орнату мәселелерін жедел шешу;
9) салынған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша барынша өндіріп алуға қол жеткізу.
3. Шортанды ауданының әкімдігіне (С. С. Шабаровқа) ұсынылсын:
1) Шортанды ауданының ауылдық елді мекендерінің аумақтарында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруда Шортанды ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметіне жан-жақты жәрдем көрсету;
2) дабылдарды, бейнебақылау камераларын орнату және материалдық құндылығы бар тауарларды сақтау орындарын техникалық нығайту бойынша меншіктің барлық нысандарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.
4. «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ (Ш.Х. Ахметова), «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ (А. В. Сейфитдинов) Шортанды ауданының жергілікті полиция қызметімен бірлесіп ұсынылсын:
- жасөспірімдер мен жастарды ұйымдастырылған бос уақытпен барынша тарту мақсатында аула клубтарының желісін кеңейту жөнінде шаралар қабылдау;
- кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу, сондай-ақ алкоголь және темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау мақсатында апта сайын рейдтік іс-шаралар өткізу, оның барысында жастардың жаппай жиналатын орындарын пысықтау.
5. Шортанды ауданының кенттері мен ауылдық округтерінің әкімдеріне ұсынылсын:
1) елді мекендердің аумақтарында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруда учаскелік полиция инспекторларына жан-жақты көмек көрсету;
2) УПИ және уәкілетті органдармен бірлесіп, Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бұзушыларға тиісті шаралардың жолын кесу және шара қолдану.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Ғ. Т. Даитова) жүктелсін.
Комиссия төрайымы Ғ. Даитова