Шортанды аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезекті сессиясының қарауына
енгізілетін негізгі мәселе туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Шортанды аудандық мәслихатының регламентіне және Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына келесі мәселе енгізілсін:
1. Шортанды ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
Баяндамашы: Шортанды ауданының әкімі С.С.Шабаров.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрайымы Г. Сәдуақасова