БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ
Шортанды ауданы Шортанды
кентінің көшелерін қайта атау
жөнінде ұсыныстар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облысының ономастика комиссиясының қарауына қайта атау жөнінде мынадай ұсыныс енгізілсін:
1) Шортанды кентінде:
- Молодежная көшесі Жастар көшесіне;
- 30 лет Победы көшесі Жеңіс көшесіне;
- Октябрьская көшесі Бірлік көшесіне;
- Северная көшесі Рақымжан Қошқарбаев көшесіне;
- Советская көшесі Бауыржан Момышұлы көшесіне;
- Пионерская көшесі Мұхтар Әуезов көшесіне;
- Феликс Дзержинский көшесі Шәуәли Рақымжанов көшесіне;
- Киевская көшесі Дінмұхамед Қонаев көшесі;
- 50 лет Октября көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
- Южная көшесі Кенесары Қасымұлы көшесіне.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Шортанды ауданының
әкімі С. Шабаров
Шортанды аудандық
мәслихатының төрайымы Г. Сәдуақасова