2022 жылға арналған
аудандық бюджеттің атқарылуы
туралы жылдық есепті бекіту туралы
Шортанды ауданының әкімі С.С.Шабаровтың «2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есебін тыңдап, талқылағаннан кейін Шортанды аудандық мәслихаты ауданның атқарушы органдары 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша тиісті жұмыс жүргізгенін атап өтті.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары 2021 жылмен салыстырғанда экономиканың негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасын көрсетті. Қолданыстағы бағаларда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 84110,1 млн.теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне қарағанда 134,7% құрады (2021 жылы – 61470,7 млн. теңге).
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 20642,8 млн.теңгені (немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 150,8%), құрылыс жұмыстарының көлемі 11826,9 млн. теңгені (2021 жылға 191,3%), тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар – 963,6 млн. теңгені (2021 жылға 64,4%) құрады.
2022 жылға арналған аудандық бюджет аудандық мәслихат сессиясының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-17/2 шешімімен бекітілген. Кірістер бойынша түзетілген жоспар 5379 487,5 мың теңгені, шығыстар бойынша 5 828 891,5 мың теңгені құрады. Түсімдер жоспары жалпы алғанда 102,9% орындалды бюджетке 5534254,2 мың теңге түсті, оның ішінде меншік кірістер 110,1% орындалды, жоспар бойынша 1359276,9 мың теңге, 1496390,1 мың теңге сомасында түсті немесе жоспар 137113,2 мың теңгеге асыра орындалды.
Трансферттердің түсімі 100 % немесе 3772906,1 мың теңгені құрады.
2022 жылы аудандық бюджеттің шығындары 99,7% орындалды. 2021 жылмен салыстырғанда (6463353,1 мың теңге) шығындар 5812881,7 мың теңгені құрады. Жыл ішінде жүргізілген нақтылаулар мен түзетулердің нәтижелері бойынша шығындар көлемі жоғары тұрған бюджеттерден трансферттер бөлінуіне байланысты бастапқы бекітілген (5087671,0 мың теңге) шығыстардан 741220,5 мың теңгеге ұлғайтылды.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 132-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің «Шортанды ауданының 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» есебінің негізінде, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды ауданының әкімі С.С.Шабаровтың «2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есебі назарға алынсын.
2. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының «2022 жылға арналған Шортанды ауданы бюджетінің атқарылуы туралы» есеп-қорытындысы назарға алынсын.
3. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысында көрсетілген ұсынымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5 132 182,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 337 053,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 6 103,9 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 16 119,2 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 3 772 905,8 мың теңге;
2) шығындар – 5 525 576,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 115 325,2 мың теңге,
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 181 315 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 65 989,8 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 56 009,8 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 56 009,8 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-564 729,2) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 564 729,2 мың теңге.
4. Ұсынылсын:
1) аудандық әкімдікке:
- әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға ең үздік және тиімді қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеуді және орындауды қамтамасыз ету;
- жергілікті бюджетке түсетін түсімдер жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, кіріс бөлігін толықтыру, салық салынатын базаны кеңейту жөнінде жұмыс жүргізу;
- бюджет қаражатын пайдалану кезінде жіберілген заң бұзушылықтар үшін мемлекеттік мекемелер басшыларының жауапкершілігін қарау;
2) Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ:
- бюджеттік бағдарламалардың орындалуын жоспарлауға және нәтижелерге қол жеткізуге назар аударылсын, тексеру комиссиясының ағымдағы жылға арналған аудандық бюджетті жоспарлау кезінде және оның орындалуы барысында ұсынымдары ескерілсін.
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет қаражатының мақсатты және тиімді игерілуіне бақылауды күшейтсін, нысаналы трансферттердің сапалы игерілуіне ерекше назар аударсын.
5. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрайымы Г. Сәдуақасова