№ 8С-4/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

сегізінші шақырылымының

кезекті төртінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті төртінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.

Баяндамашы: Шабаров С.С. - Шортанды ауданының әкімі.

2. 2022 жылға арналған кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің

атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.

Баяндамашы: Шабаров С.С. - Шортанды ауданының әкімі.

3. Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округінің Ключи ауылын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы.

4. Шортанды ауданы Шортанды кентінің көшелерін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы.

5. Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрайымы                                                    Г. Сәдуақасова

 

 

Дата публикации
24 мая 2023