Шортанды аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезектен тыс үшінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс үшінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-34/2 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
Ақпараттандырады: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы - Ж. Қ. Мұнтаева.
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-37/5 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрайымы Г. Сәдуақасова