№ 8С-2/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

сегізінші шақырылымының

кезектен тыс екінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс екінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-34/2 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Баяндамашы: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы - Ж. Қ. Мұнтаева.

2. Шортанды ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы.

3. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы № С-46/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 7С-20/3 «Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5. Шортанды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № С-11/3 «Шортанды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

6. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі № 7С-9/5 «Шортанды ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

7. «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.

8. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі № 7С-9/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

9. Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы № С-14/4 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

10. Шортанды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 тамыздағы № С-29/6 «Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрайымы                                                    Г. Сәдуақасова

Дата публикации
19 апреля 2023