Бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2022 жылғы 29 желтоқсан № 17 Шортанды к.
Жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарды іске асыру қорытындылары
туралы есеп
Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Қ.Орынбасаровтың «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы» есебін тыңдап және талқылай келе, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Қ.Орынбасаровтың «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы» есебі назарға алынсын.
2. Ауданның жергілікті атқарушы органына ауданның «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ және ауданның «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бірлесіп ұсынылсын:
- Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 7С-20/2 шешімімен бекітілген жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарға (бұдан әрі – жоспар) кейіннен өзгерістер енгізе отырып, Шортанды ауданының жайылымдарын геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымының схемасын сәйкестікке келтірсін;
- Шортанды аудандық мәслихатының жоғарыда көрсетілген шешімін кейіннен түзете отырып, Шортанды ауданының аумағында жер пайдалану құқығының, мал басы мен жайылым алаңдарының өзгеруіне жер учаскелері меншік иелерінің тізіміне мониторинг жүргізсін;
- Шортанды ауданының елді мекендерінің шекараларын белгілеуге байланысты жоспарда көрсетілген жайылымдық алқаптардың алаңдары қайта қаралсын.
Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесіп:
- жайылымдық жерлердің тозуын болдырмау үшін жайылымдарды ұтымды пайдалану ережелерін қатаң сақтасын;
- егістердің, жасыл екпелердің, жиналған егіннің бүлінуін және (немесе) жойылуын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіруді болдырмайтын жағдайлар жасау, ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлау жағдайларының алдын алу мақсатында ауданның ауылдық округтерінде Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю мен бағуды ретке келтірсін;
- жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы жайылымды пайдаланушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру.
3. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне ұсынылсын:
- тұрақты негізде жиындар арқылы округ тұрғындары арасында елді мекендердің айналасында жас малдар мен сауын малдарды жаю тәртібін сақтау, шалғайдағы жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын дұрыс орналастыру тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
- жергілікті өзін өзі басқару органдарымен бірлесіп Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормаларын сақтауды қамтамасыз етсін;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің ауыл шаруашылығы жерлерін нысаналы пайдалануына мониторинг жүргізу, олардың жайылым айналымын сақтауын бақыласын;
- суару орындарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын айдауға арналған орындарды қамтамасыз етсін;
- өзара жайылым айналымын келісу бойынша көрші округтердің әкімдерімен өзара іс-қимыл жасасын;
- ауылдық округтер аумағында халық, әкімдік және шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында жайылым айналымы бойынша үш жақты шарттар жасасын;
- округтің ауыл шаруашылығы жануарларын 100% сәйкестендіруді қамтамасыз етсін;
- қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарларын уақытша ұстауға арналған орындарды ұйымдастырсын;
- Заңның 9-бабының 2-тармағының 1) және 5) тармақшаларының талаптарын сақтасын.
4. «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Шортанды ауданы елді мекендерінің жайылым айналымы схемалары мен жайылым алқаптарының алдағы өзгерістерін ескере отырып, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерімен және жергілікті өзін – өзі басқару органдарымен бірлесіп, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жаңа жоспарды әзірлеп және Шортанды аудандық мәслихатының бекітуіне енгізуді ұсынсын.
5. Осы қаулының іске асырылуын бақылауды аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына қалдырамын.
Тұрақты комиссияның
төрайымы Г. Горкушева