Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2022 жылғы 29 желтоқсан № 16 Шортанды к.
Шортанды ауданының
аумағында білім беру саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыру
барысы туралы
«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Ш.Х. Ахметованың «Шортанды ауданының аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру барысы туралы» есебін тыңдап және талқылай келе, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Ш.Х. Ахметованың «Шортанды ауданының аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру барысы туралы» есебі назарға алынсын.
2. «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ ұсынылсын:
- ауылда білім беру сапасын арттыру үшін мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды міндетті жалпы орта біліммен толық қамту жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- 3-6 жастағы балаларды ұйымдасқан тәрбиемен және оқытумен қамту, балаларды оқу қызметіне сапалы даярлау үшін жағдай жасау жөніндегі жұмысты жандандыру;
- меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қосымша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жекеменшік балабақшалар ашуды ынталандыру;
- біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының кадрларын жоспарлы оқытуды жалғастыру;
- мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналар жұртшылығымен өзара іс-қимылын жақсарту үшін қамқоршылық кеңестердің рөлін арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру;
- білім беру мекемелерінің ғимараттарын күрделі жөндеуге аса мұқтаждықтады кезең кезеңімен жүргізу бойынша қажетті іс шараларды жүргізу;
- білім беру ұйымдарының оқу-материалдық базасын нығайту бойынша қосымша шаралар көзделсін;
- аудан мектептерінде жаңа үлгідегі оқу кабинеттерін сатып алу және орнату бойынша жұмысты жандандыру;
- мектеп асханаларының технологиялық жабдықтарын жаңарту және оқу орындарының ғимараттарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс;
- жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын, оның ішінде аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды және бастауыш сынып балаларын жалпыға бірдей оқу есебінен тегін тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- оқушылардың тамақтануына мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың уақтылы өткізілуін қамтамасыз ету;
- балаларды мектеп көлігімен тасымалдау жоспарында мектептердің белгіленген іс-шараларын міндетті қаржылық қамтамасыз етуді көздеу;
- мектеп автобустарының техникалық жағдайына бақылау жүргізу;
- мектептерді түрлі қаржыландыру көздерінен, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты, демеушілер қаражаты есебінен жабдықталған спорт залдарымен және қажетті спорт мүкәммалымен қамтамасыз ету мәселесін шешу;
білім беру мекемелерінің ғимараттарын жылыту маусымына уақтылы дайындауды жүргізу;
- жылыту жүйелерінің температуралық режимін, техникалық жай-күйін, қазандықтардағы көмірдің сапасы мен санын және білім беру мекемелерінің ғимараттары мен құрылыстарының жалпы жай-күйін жүйелі негізде бақылауды жүргізу;
- аудан мектептеріндегі жылыту жүйесіне жылыту радиаторларының тозуы мен бітелуіне кезең-кезеңімен тексеру жүргізу, сондай-ақ терезелер мен кіру топтарын ауыстыру және жөндеу арқылы жылу шығынын болдырмау;
- ауданның оқу орындарының сәулеттік келбетін және эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында тұрақты негізде іргелес аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.
3. Шортанды ауданының әкімдігіне «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-мен бірлесіп аудан мектептерін оқулықтармен толық қамтамасыз ету, кітапханаларды заманауи кітаптармен жарақтандыру және ауданның барлық кітапханаларына интернет жүргізу мүмкіндігі бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылсын.
4. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне білім беру мекемелерінің жылу беру маусымына дайындық жағдайын бақылауды жалғастыру, қыс мезгілінде кірме жолдарды тазартуды қамтамасыз ету, округ аумағында мектеп іс-шараларын өткізуге барлық жағынан қолдау көрсету ұсынылсын.
5. «Шортанды ОАА» ШЖҚ МКК бас дәрігері Н.М. Шагировқа аудан мектептерін штаттық кестеге сәйкес толық ставканы бөле отырып, білікті медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық кабинеттерді дәрі-дәрмектермен және материалдық-техникалық құралдармен жабдықтау жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тұрақты комиссияның
төрайымы Ғ. Даитова