
Бүгін аудандық мәслихатта Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырыс жұмысына кеңес мүшелері мен кейбір мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде " 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің қызметі туралы есебі", "Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту"туралы мәселелері қаралды.
Қоғамдық кеңестің 2022 жылғы қызметі туралы А.Доброскок баяндады,, онда кеңестің аудандағы маңыздылығының өсу динамикасын атап өтті.
Талқылау барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға қосымша болатын ұсыныстар келіп түсті.
Осылайша күн тәртібіне қойылған барлық мәселелер қаралды.