№ 7С-37/5 щещім (Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы)

Шортанды ауданы әкімдігінің
жанындағы жер комиссиясының
құрамын және ол туралы ережені
бекіту туралы
 

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 15-бабының 1-тармағының 5-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және аудан әкімінің ұсыныстары негізінде, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы туралы ереже осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Шортанды аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын.

4. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрайымы                                                   Г. Сәдуақасова

Дата публикации
23 января 2023