Шортанды аудандық мәслихатының
2022 жылғы 13 қаңтардағы № 7С-19/4
«Шортанды аудандық мәслихаты
хатшысының міндетін уақытша
атқарушыны айқындау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 25-тармағына және мәслихаттың 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Үлгілік регламентіне сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 7С-19/4 «Шортанды аудандық мәслихаты хатшысының міндетін уақытша атқарушыны айқындау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Шортанды аудандық мәслихаты төрайымының міндетін уақытша
атқарушыны айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағындағы «хатшы» деген сөз «төрайым» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрайымы Г. Сәдуақасова