Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының
кезектен тыс отыз жетінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс отыз жетінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды ауданының аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы.
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 7С-19/4 «Шортанды аудандық мәслихаты хатшысының міндетін уақытша атқарушыны айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № С-39/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
4. Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы.
5. Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 мамырдағы № С-38/6 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі № 7С-9/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
7. Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы № С-14/4 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
8. Шортанды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі № С-26/10 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
9. Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 2 шілдедегі № С-6/4 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
10. Шортанды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 тамыздағы № С-29/6 «Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
11. Топографиялық түсіріліммен Ақмола облысы Шортанды ауданы Дамса ауылын дамыту және құрылыс салу схемасын (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) бекіту туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрайымы Г. Сәдуақасова