Шортанды аудандық мәслихатының
2021 жылғы 23 қарашадағы № 7С-14/3
««Шортанды ауданы
мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ережесін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 25-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысы негізінде, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 қарашадағы № 7С-14/3 ««Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
7-тармақтағы «хатшысының» деген сөз «төрағасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақтың 2) тармақшасының жаңа редакцияда жазылсын:
«2) міндеттері:
- мемлекеттік қызметшілер арқылы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, регламентке, мәслихат шешімдеріне және мәслихат төрағасының өкімдеріне сәйкес жүзеге асыруға міндетті.»;
15-тармақтың 15) тармақшасындағы «хатшысының» деген сөз «төрағасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тараудың тақырыбындағы «хатшысының» деген сөз «төрағасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақтағы «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
17-тармақтағы «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
18-тармақтың бірінші абзацындағы «хатшысының» деген сөз «төрағасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
18-тармақтың 18) тармақшасының екінші абзацындағы «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова