Шортанды аудандық мәслихатының
2022 жылғы 13 қаңтардағы № 7С-19/3
«Шортанды аудандық мәслихатының
Регламентін бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 9-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгілік регламентіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 25-тармағына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 7С-19/3 «Шортанды аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шортанды аудандық мәслихатының Регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова